11.10.2006, 11:26 3397

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік медициналық мекемелерінде ақылы қызметтер алып тасталды

ШЫМКЕНТ. 11-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кепілді медициналық көмек көрсететін барлық мемлекеттік медициналық мекемелерде ақылы қызметтер алып тасталады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асылжан Мамытбеков әкімшілікте өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Облыстағы емдеу мекемелерін қаржыландыру схемасын талдаудан кейін мен бір үлкен жүйелі қатені таптым,- деді А.Мамытбеков. - медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсететін көптеген ұйымдар мемлекеттік мекемелер емес, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар түрінде құрылған. Бұл ақылы қызмет көрсетуге заңды және қаржылық негіз қалайды".

А.Мамытбековтың пікірінше, осындай жағдайларда заң бұзушылықтар кездесіп, кепілдендірілген ақысыз медициналық көмектің бір бөлігі ақылы қызметке айналады. "Мәселен, балалар ауруханасы және перзентхана секілді емдеу ұйымдарында ешбір ақылы қызмет көрсетілуге тиіс емес. Соған қарамастан, осындай емдеу мекемелері кәсіпорын түрінде жұмыс істейді. Меніңше, оларды мемлекеттік мекемелер түрінде қайта тіркеуге жедел шара қолданып, оларды қазынашылық органдарға көшіріп, ақылы қызмет көрсетуге тыйым салу қажет",- деді А.Мамытбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны