30.09.2016, 07:47 6630

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында "Аналар - шаӊырақтыӊ шаттығы" салтанатты шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында әйелдер кеӊесініӊ ұйымдастыруымен "Аналар - шаӊырақтыӊ шаттығы" салтанатты шарасы өтті.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында әйелдер кеӊесініӊ ұйымдастыруымен "Аналар - шаӊырақтыӊ шаттығы" салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков барша ақ жаулықты аналарды мерекемен құттықтап, бүгінгі қоғамдағы әйелдердіӊ орнына ерекше тоқталды. Саналы ұрпақ қалыптастырудағы ерен еӊбектерін атап өтіп, барша аналардыӊ алдында бас иетінін жеткізді. Осылайша, ауданымыздыӊ алтын алқалы және ардагерлер аналарға ақ жаулық жауып, ниеттестігін білдірді.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан нәзікжандылар да сахнаға шақырылып, марапатталды. Қоғамдық шараларда белсенділігімен танылған азаматшаларға аудандық мәслихаттыӊ Алғыс хаты тапсырылды.

Аудандық мәслихаттыӊ депутаты З.Маханова, аудандық әйелдер кеӊесініӊ төрайымы М.Зәйтүнқызы еліміздіӊ Тәуелсіздік алған жылы шаӊырақ көтерген отбасыларды мерейлі тойларымен құттықтады. Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағыныӊ төрайымы ретінде Замира Сабекқызы ұстаздар арасындағы 25 жыл отасқан отбасыларын марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Мәні де мағынасы да тереӊ шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарыныӊ концертіне ұласты.

О?түстік Қазақстан облысында республика халқыныӊ 15%-ы тұрады (2011 жылғы көрсеткіш бойынша). Тұрғындарыныӊ орташа тығыздығы 1 км-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі еӊ жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық саныныӊ табиғи өсуініӊ еӊ жоғары шамасына (32,5 мы? адамнан астам) жетті. Облыс халқыныӊ басым бөлігін қазақтар (70,24%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), әзірбайжан, тәжік, түрік, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарыныӊ 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

Оӊтүстік Қазақстан облысы халқыныӊ саны 2015 жылы 2 788 404 адамды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны