19.09.2016, 13:57 4852

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында "Модельді ауылдық кітапхана" ашылды

"Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына - 25 модельді кітапхана" жол картасы бойынша Бөржар, Бадам, Бөген ауылдық кітапханалары модельді кітапхана болып ашылды.

Шымкент. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданындағы Бөржар ауылдық кітапханасы заман талабына сай жаӊаша жабдықталып, "Модельді ауылдық кітапханаға" айналып отыр, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына - 25 модельді кітапхана" жол картасы бойынша Бөржар, Бадам, Бөген ауылдық кітапханалары модельді кітапхана болып ашылды.

Модельді кітапхана - оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаӊа кітапхананыӊ стандарты. Оныӊ басты міндеттері - компьютерлік технологияларда енгізудіӊ арқасында электронды ақпараттар қорын қалыптастыру, кітапханалық қорларды дамыту, материалдық - технологиялық базаны нығайту.

Бұл өз кезегінде қазына ордаларыныӊ материалдық-техникалық базасы жақсарып, кітап қоры артып, ғаламтор ресурстарына қол жеткізілетін болады. Бөржар модельді ауылдық кітапханасыныӊ лента қию салтанатына қатысқан облыстық "Отырар" ғылыми- әмбебап кітапханасыныӊ кітапханаларды дамыту бөлімініӊ меӊгерушісі Ғ. Хакимова арнайы сертификат табыс етсе, Бөржар ауыл округі әкімініӊ орынбасары Б. Сиқымбай, ауылдық әйелдер кеӊесініӊ төрайымы С. Абулдаева кітапсүйер қауымға ізгі тілектерін білдірді. "Кітапхана - білім ордасы" мерекелік іс-шарасына қатысқан бірқатар қонақтар түрлі кітаптар сыйлап, кітапхана қорын толықтырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны