17.09.2016, 15:57 4617

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Бағдарламаныӊ ІІ бағыты - "Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру" аясында жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне - 30 азамат оқытылып, осы бағыт шеӊберінде 87 адамға 240,6 млн. теӊге шағын несие берілді.

Шымкент. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында 2016 жыл басынан бері бағдарламаға қатысу үшін 1590 азамат өтініш білдірді, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бағдарламаныӊ 1 бағыты - "Инфрақұрылымды және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету" бойынша Ө.Тұрманжанов және Қ.Бектаев мектептерініӊ күрделі жөндеуіне республикалық және жергілікті бюджеттен 297,529 мыӊ теӊге қаралды.

Ө.Тұрманжанов мектебін мемлекеттік сатып алу конкурсынан жеӊіп алған мердігері - "Құрылыс-ТА" ЖШС, Қ.Бектаев мектебініӊ мердігері - "Altyn LTD" ЖШС, бұл нысандарға нақты 70 азамат Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы уақытша жұмысқа жолданды.

Бағдарламаныӊ ІІ бағыты - "Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру" бойынша 2016 жылғы 8 айдыӊ қорытындысымен кәсіпкерлік негіздеріне - 30 азамат оқытылып, межеленген жоспар 100 пайызға орындалды.

Екінші бағыт шеӊберінде 87 адамға 240,6 млн. теӊге шағын несие берілді. Жоспар бойынша 71 жаӊа жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаныӊ ІІІ бағыты шеӊберінде бос және жаӊа жұмыс орындарына 1206 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі таӊға жолданғаны 912 азамат, яғни жоспар 75,6 пайызға орындалды.

Илеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша 156 адам әлеуметтік жұмыс орындарына өтінім берген 28 мекемеге жолданды.

127 жас маман Жастар практикасына тартылды. Сонымен қатар, қайта даярлау курстарына жоспар бойынша 25 азамат оқуға жолданды.

Қоғамдық жұмыс бойынша жылдық жоспар 600 адам, 8 айдағы жоспар 415, нақты 238 адам жолданды

Халықты жұмыспен қамтамасыз етудіӊ 2016 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ жұмыспен қамтылуы бойынша 8 айлық жоспар - 83 адам, нақты - 110 адам (132,5 %) жұмыспен қамтылды. Оныӊ ішінде: Илеуметтік жұмыс орындарына - 26 адам; Жастар практикасына - 3 адам; Ақылы қоғамдық жұмысқа - 5 адам; Шағын несиелеу - 5 адам; Қайта даярлау - 8 адам; Жаӊа және бос жұмыс орындарына 63 адам, оныӊ ішінде 3 пайыздық квотамен - 7 адам.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны