10.11.2016, 12:23 4092

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығында 8 мыӊ орындық мешіттіӊ құрылысы жүргізілуде

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі бастаған жұмысшы топ Шымкент қаласыныӊ әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан 8 мыӊ орындық мешіттіӊ құрылысын аралап көрді, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған жұмысшы топ Шымкент қаласыныӊ әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан 8 мыӊ орындық мешіттіӊ құрылысын аралап көрді, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мешіт кешенінде автокөлік қоюға арналған паркинг, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады.

Мешіт алдындағы он мыӊнан астам адамға есептелінген алаӊда жамағатты күннен, жауын-шашыннан қорғау үшін шатыр болып ашылатын жүйе қойылады.

Мұнда сонымен қатар, мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана мен әкімшілік бөлмелер салынады.

Облыстағы діни бірлестіктер мен филиалдар саны:

Облыс көлемінде 11 діни конфессияға енетін 60 жергілікті діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оныӊ ішінде бағыттары бойынша: православиелік - 18; католиктік -1; иудейлік - 1; протестанттық - 39; бахаи -1.

Сонымен қатар 795 филиалдар жұмыс жасауда. Оныӊ ішінде: исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ (ҚМДБ) филиалдары - мешіттер саны - 792, исламдық емес бағыттағы филиалдар - 3.

Миссионерлік қызмет туралы

Облыста заӊды түрде тіркелген 13 миссионерлер жұмыс атқаруда. Олар: христиандық-протестанттық бағытында - 4; католиктік - 4, исламдық - 5.

Ақпараттық-түсіндіру топтардыӊ (АТТ) қызметі туралы

Жыл басынан бері облыстық АТТ тарапынан 794 кездесулер өткізіліп, оларға 110702-ге жуық адам қамтылды.

Қалалық, аудандық АТТ тарапынан 2374 кездесулер өткізіліп, 171299-дан аса адам қамтылды.

Жалпы, өткізілген кездесулердіӊ саны 3168 болса, оларға қамтылған адамдардыӊ саны 282001 асып отыр.

БАҚ-ғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Облыстық, қалалық, аудандық телеарналарда діни тақырыпта арнайы 10 бағдарламалар ашылып, жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері облыстағы 7 телеарналарда діни тақырыптарда 562 көрсетілімдер мен сюжеттер, "Қазақстан-Шымкент" радиосында 44 хабарлар шығарылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері дін саласына қатысты 1100-ге жуық мақалалар жарық көрді.

Діни экстремизм, терроризм көріністерін тарататын діни сайттарға қарсы тұру мақсатында "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-ніӊ www.centerе-uko.kz интернет сайтына діни ахуалды тұрақтандыру бағытында жыл басынан 310 іс-шара, 95 ғибратты сөздер, 50 мақалалар, 2 ИГИЛ туралы бейнероликтер және "Біз Құранды білеміз бе?" бағдарламасыныӊ 31 бөлімі енгізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны