20.09.2016, 11:35 4026

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданында Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған 509 іс-шара өтті

Отырар ауданында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай 812 іс-шара жоспарланған. Бүгінде оныӊ 509 іс-шарасы кеӊ ауқымда өткізіліп үлгерген.

Шымкент. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері Отырар ауданында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған 509 іс-шара өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аудан әкімі Ерлан Айтахановтыӊ төрағалық етуімен өткен мәжілісте аудандық ішкі саясат бөлімініӊ басшысы Айдос Құлмаханов Тәуелсіздік мерекесіне арнап өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Бөлім басшысыныӊ айтуынша, жыл басында аудан әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Отырар ауданында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай 812 іс-шара жоспарланған. Бүгінде оныӊ 509 іс-шарасы кеӊ ауқымда өткізіліп үлгерген. Жыл соӊына дейін тағы 303 мерекелік іс-шара ұйымдастырылады деп күтілуде.

Мәжілісте ұлық мерекені барлық ауыл округтері мен мекемелерде "Мен - Тәуелсіз елдіӊ патриотымын!", "Тәуелсіздік - байлығым!", "Мәӊгілік Елдіӊ - мәӊгілік құндылықтары" "Мен - Тәуелсіз елдіӊ түлегімін!" және тағы да басқа айдарлармен кеӊ көлемде атап өту жөнінде ұсыныс айтылды.

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына байланысты өткізілетін іс-шаралар сапалы әрі мазмұнды болып, барлық саланы қамтуы тиіс деген ойын айтып, нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны