Система Orphus

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданында қолөнер шеберлерініӊ орталығы жұмыс істей бастады

21.09.2016, 10:10 3755

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданындағы мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайыныӊ базасында орналасқан "Отырар қолөнер шеберлерініӊ орталығы" өз жұмысын бастап, аудандағы отыздан астам түрлі саладағы қолөнер шеберлерінен құралған тыӊдаушыларына есігін ашты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таӊда Отырар ауданында қолөнер саласыныӊ дамуына мән беріліп отыр. Осы мақсатта ашылған орталық қолөнер дүниелерін топтастырып, жинақтап, жүйелеп заман талабына сай түрлендіріп тұрғындар арасында насихаттамақ.

Қолөнер - дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдар жасайтын ұсақ өндіріс түрі. Ирбір қолөнер туындысы өз заманыныӊ мәдениет үлгісін, ұлттыӊ қоғамдағы жағдайын, діни сенімін, салт-дәстүрін айқын аӊғартып тұрады. Ертеде қазақ ауылындағы қолөнер шеберлері қолдарынан келген өнерлерін әкесі баласына, енесі келініне үйретіп, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған. Осы үрдісті шеберлер П.Садықов, Н.Оспановтар жалғастырып, ауданымыздыӊ өзге де шеберлерімен өнердіӊ қыр-сырымен бөліспек.

Шеберлік дәрісінде П.Садықов "Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздыӊ ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын (тіл, дін, өнер, үлгі өнеге) орнымен пайдалану, бүгінгі күн үшін де ерекше маӊызға ие екендігін айтып өтті. Соныӊ ішінде еӊ бірінші шикізатты қалай таӊдау қажеттілігі мен оны өӊдеуден бастады. Сабақ барысында қатысушылар шеберлерге түрлі сұрақтарын қойып белсенділік танытып отырды. Шебер П.Садықов келесі сабақ жоспарын таныстырып, бірқатар тапсырмалар берді.

Аудан әкімдігініӊ бастамасымен қолға алынған орталық жұмысына шеберлік дәрістеріне қатысушылар ризашылықтарын білдіруде. Ұлттық қолөнер мен дәстүрлер сабақтастығын насихаттайтын орталықта шеберлік дәрістері жоспарға сәйкес әр апта сайын жалғасын тауып отыратын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны