17.07.2009, 16:37 3007

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданының әкімі отставкаға кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданының әкімі отставкаға кетті

Шымкент. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданының әкімі Илімжан Құртаев отставкаға кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 51 жастағы И. Құртаев Отырар ауданының әкімі болып 2005 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол Арыс қаласының әкімі, облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы қызметінде болған, құрылыс ұйымдарында жетекші лауазымдар атқарды.

Илімжан Құртаевтың өз еркімен отставкаға кету себептеріне түсініктеме берілген жоқ.

Тек бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ОҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 шілдесінде ОҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы әкімінің орынбасарын өз жұмыс бөлмесінде 50 мың доллар (7 млн 500 мың теңге) көлемінде пара алып жатқанда қолға түсірді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың маусым айында қаржы полициясына "Стройинвест ЮКО" ЖШС жетекшісі шағымдана келген. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы әкімінің орынбасары өзінен аталған аудандағы жолдарды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауда жеңіп алған көлемнің 10% мөлшерінде (байқаудың жалпы көлемі - 75 млн 85 мың теңге) пара бопсалап отырғанын, оны құрылыс жұмыстарының барысын қадағалауда қамқорлық көрсететіндігі үшін сұрағанын хабарлаған.

"Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы әкімінің орынбасарының пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 5-тармағы (аса ірі көлемде пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. әкімнің орынбасары қамауға алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны