31.08.2006, 13:41 7709

Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас жатқан Сарыағаш ауданының әкімі қызметінен босатылды

ШЫМКЕНТ. 31 тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас жатқан Сарыағаш ауданының әкімі Жамбыл Байғонов қызметінен босатылды. Облыс әкімі Болат Жылқышиевтің бұл шешімі жуырда әкімшілікте өткен кеңестен кейін жария етілді. Кеңесте қазақ-өзбек шекарасын демаркациялаудағы кемшіліктеріге қатысты ҚР бас прокуратурасының ескертулері талқыланған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ж.. Байғонов "жұмыс барысында жіберген олқылықтары" үшін қызметінен босатылды.

Кеңесте шекараны демаркациялау өткен жылы толығымен аяқталды деген ақпараттың жалған екені белгілі болды. 41 құрылыс нысаны қиратылмаған. Осыған байланысты, осы үйлерді көшіру үшін үкімет тарапынан қосымша 121 млн. теңге бөлінген. Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ишірбек Тұрдалиннің айтуынша, қазіргі кезде осы құрылыс нысандарының құжаттары толығымен рәсімделді, үй иелері қаражат күтіп отыр.

Сонымен қатар шекара сызығын дәл анықтайтын тікенек сым тартылуы тиіс демаркациялық картаның жоқтығы туралы мәселе көтерілді. Соның салдарынан Жарты төбе ауылы маңайындағы учаскеде Өзбекстан шекарашылары шекара сызығын Қазақстанға қарай 70 метрге дейін жылжытып, 2,8 гектар жерді басып алған. Аудан әкімі Исақ Оспановтың айтуынша, "өзбектер ауданға тиесілі үш гектар жерді қайтармай отыр, халық бұған наразы".

Облыс әкімінің орынбасары Кенжехан Төлебаев қазақстандық шекарашылардың жұмысына көңілі толмайтындығын айтты. "Кезінде шекара аймағында заңсыз тұрғызылған көпірлер қиратылған еді. Қазір олар қайта тұрғызылған. Алайда, шекара қызметінің басшылары да , қызметкерлері де бұл жағдайға мән бермейді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны