10.10.2008, 18:40 3581

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында 99 мектеп директорына сөгіс жарияланды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында 99 мектеп директорына сөгіс жарияланды

Шымкент. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіптік кеңесі Сайрам ауданында 99 мектеп директорына және аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісіне сөгіс жариялауды ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Тәртіптік кеңестің жиналысында Сайрам ауданындағы білім беру қызметкерлеріне 8 млн 245 мың теңгенің бір реттік жәрдемақысын асыра төлеу мәселесі талқыланды.

Бірақ артық төленген жәрдемақының қайтарылуына байланысты жаза жеңіл болды, деді тәртіптік кеңес төрағасы. Жиналыста мектеп директорларының бұл әрекетке заңды білмеуден барғаны айтылды. Сөйтіп Сайрам ауданында 99 мектеп директорына және аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісіне сөгіс жариялауға шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны