09.12.2016, 09:31 4438

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында "Шұғыла" бөбекжайы ашылды

"Созақ ауданы білім беру саласына көп көӊіл бөліп келеді. Заман талабына сай соғылған бұл ғимарат ел игілігіне қызмет ететін болады. Тәуелсіздік мерекесіне тарту болған балабақшаныӊ ашылуы құтты болсын",- деді Мақсат Исаев барша жиналған қауымды құттықтап.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында тағы бір жаӊа балабақша ашылды, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Икімдіктіӊ таратқан хабарламасына сәйкес, аудан орталығы Шолаққорған ауылында жеке кәсіпкер Б. Досаев 75 орындық "Шұғыла" балабақшасын ашты.

Нысанныӊ ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Шамансұрұлы Исаев қатысты.

"Созақ ауданы білім беру саласына көп көӊіл бөліп келеді. Заман талабына сай соғылған бұл ғимарат ел игілігіне қызмет ететін болады. Тәуелсіздік мерекесіне тарту болған балабақшаныӊ ашылуы құтты болсын",- деді Мақсат Исаев барша жиналған қауымды құттықтап.

350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақша ғимараты заман талабына лайықталып, бүлдіршіндердіӊ жас ерекшелігіне сай жабдықталған. Ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылған.

Жеке кәсіпкер Б. Досаев: "Заман талабына сай оқу және тәрибе жұмыстарына жаӊаша көӊіл бөлініп отыр. Мектепке дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие беру мақсатында бөбекжай аштық. 75 орындық балабақшада 22 адамды жұмыспен қамтып отырмыз",- дейді.

Айта кету керек, Созақ ауданында мемлекеттік "Балапан" бағдарламасыныӊ орындалуы 86,3 пайызды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны