16.01.2007, 16:18 3183

Оңтүстік Қазақстан облысының СПИД орталығы заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылды

ШЫМКЕНТ. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстандық СПИД орталығына қазіргі заманға сай құрал-жабдықтар жеткізілді. Бұл туралы журналистерге облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның сөзіне сүйенсек, жалпы бағасы жүз миллион теңгені құрайтын, Еуропада өндірілген қазіргі заманға сай үш жинақ, атап айтсақ, ПЦР-диагностикасына арналған аппарат, иммуноферменттік зертхана мен биохимиялық кешен СПИД орталығына әкелінді. Жабдықтар әлі орнатылған жоқ. Себебі, ол үшін СПИД орталығы орналасатын ескі ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

"Біз қазір электр желілерін тартып жатырмыз. Өкінішке орай, ескі ғимараттың электр желілерінің қуаты жеткіліксіз. Қазір департамент бізге қажетті жұмыстар үшін ақша бөлді. Сосын біз фирмалардан инженерлерді шақырамыз, олар осы аппараттарды орнатуға тиіс", - деді Н. Бабина.

Жөндеу жұмыстары бір айға созылады деп болжануда.

СПИД орталығының бас дәрігерінің сөзіне сүйенсек, жаңа жабдықтарды орнатқаннан кейін СПИД орталығының мамандары ВИЧ індетін анықтауға бағытталған анализдерді жеделдету мүмкіндігіне ие бола алады. Мысалы, "сұр терезе" деген атауға ие болған індетті жұқтырғаннан кейінгі уақыттан вирусты анықтауға дейінгі мерзім 3-6 айдан 2-3 аптаға қысқарады.

Сонымен қатар, барлық зерттеулер кешенін сол жерде жүргізуге болады және оны орындау уақыты да қысқарады. "Біз вирус жүктемесін Алматыға жібермей-ақ өз базамызда анықтай аламыз. Бұл ұзақ уақытты қажет етпейді және ВИЧ індетін жұқтырған адамдарды емдеуді дер кезінде бастауымызға мүмкіндік береді",- деді Н. Бабина.

Бұрын хабарлағанымыздай, Шымкентте ВИЧ індетін ауруханада 87 бала жұқтырып, оның жетеуі көз жұмған. Сондай-ақ, ВИЧ індеті 12 баланың анасынан табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны