12.03.2009, 17:35 2657

Оңтүстік Қазақстан облысының тасқыннан зардап шеккен аудандарында мектептердің сапасыз салынуына олардың асығыс тұрғызылуы себеп - Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Оңтүстік Қазақстан облысының тасқыннан зардап шеккен аудандарында мектептердің сапасыз салынуына олардың асығыс тұрғызылуы себеп - Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Шымкент. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының тасқыннан зардап шеккен аудандарында мектептердің сапасыз салынуына олардың асығыс тұрғызылуы себеп. Бұл туралы бүгін Қазақстан Бүгін тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы Айдар Шадиров мәлімдеді.

Сарыағаш аудандық прокуратурасының тексерулері барысында тасқын салдарынан бүлінген білім ордаларының орнына тұрғызылған және осыдан бірнеше ай бұрын пайдалануға берілген мектептерде қазірдің өзінде төбесінен су ағып, едендері отырып, терезелері қисайып кеткені анықталған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сарыағаш ауданында 2008 жылы бар-жоғы алты айдың аясында жеті мектеп тасқын салдарынан бүлінгендердің орнына тұрғызылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны