14.09.2016, 19:59 3734

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түркістан қаласында Құрбан айтқа орай 240 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түркістан қаласында Құрбан айтқа орай 240 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Түркістан қаласы әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түркістан қаласында Құрбан айтқа орай 240 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Түркістан қаласы әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Икімдіктіӊ хабарлауынша, Қасиетті Құрбан айт намазынан соӊ, Түркістан қаласыныӊ әкімі Иліпбек Өсербаев барша жамағатты ұлық мерекемен құттықтады. Өз сөзінде еліміздегі ислам дінініӊ кеӊ таралуы мешіттердіӊ санымен емес, жүрек тазалығымен өлшенетінін соныӊ арқасында елдіӊ ынтымағы мен берекесініӊ артатынын жеткізген шаһар басшысы тұрғындарды ынтымақ пен бірлікке шақырды. Осы күні қала әкімдігініӊ бастамасымен қала басшылығы және өзге де азаматтардыӊ шалған құрбандықтарыныӊ етіне қоса, азық-түлік тұрмысы төмен 240 отбасыға таратылып берілді. Бұл қайырымдылық іс қала орталығындағы "Есім хан" алаӊыныӊ маӊына ұйымдастырылып, алдымен жиналған жұртшылыққа арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұдан соӊ қала әкімі И.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық "Ақсақалдар алқасыныӊ" төрағасы Ж.Изіретбергенов және дін өкілдері көпшілікті мерекелерімен құттықтап, қайырымдылық рәсімін өткізді.

Құрбан айт күні мұндай қайырымдылық шараларынан отырарлықтар да тыс қала алмады. Ауданныӊ Қоғам ауылындағы "Арыстан баб" мешітінде Құрбан айт намазынан соӊ құрбандық шалуға мүмкіндігі бар азаматтар Алланыӊ ризалығы үшін құрбандық шалуға кірісіп кетті. Тек Ораза, Құрбан айттарда ғана емес, Шәуілдір ауылындағы "Керемет" сауда орталығында әр жұма сайын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тегін нан мен азық - түлік тарату биылғы жылдыӊ сәуірінде басталып, дәстүрге айналған еді. Сауапты істі жалғастырған аудан әкімі Ерлан Айтаханов бүгінгі атаған садақасын осы дүкенге тапсырды. Аудан басшысынан үлгі алған кәсіпкерлер мен мекеме, бөлім басшылары құрбандық етіп шалған мал еті мен азық - түліктерін осында жеткізуде. Аталған азық-түлік пен ет мұқтаж жандарға осы жерден таратылды. Аудан басшысы "Құрбандық шалу - кісіні шүкіршілік пен тәубаға шақырады. Құрбан сөзініӊ өзі "жақындау" деген мағына береді. Барлық мұсылман Аллаға жақындап, өзініӊ кәдесін, дұғасын жасайды. Сол жасаған дұғаларыӊыздыӊ барлығы қабыл болсын!" дей келе, бұл шараныӊ айттыӊ үш күнінде де жалағасатынын айтып, мүмкіндігі бар азаматтарды шараға белсене атсалысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны