24.08.2007, 17:53 2872

Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық-мәдениет орталығы сот шешімімен жабылып қалған Достық үйінің жұмысының басталуына әкімнің көмектесуін сұрайды

Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық-мәдениет орталығы сот шешімімен жабылып қалған Достық үйінің жұмысының басталуына әкімнің көмектесуін сұрайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық-мәдениет орталығы аймақтың әкімі Өмірзақ Шүкеевке Халықтар достығы үйіндегі өртке қарсы нормалар мен ережелердің бұзылуын жою үшін қажетті қаржы бөлуді жеделдету жөніндегі өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының 20 ұлттық-мәдениет орталығы резиденциясы болып табылатын Халықтар достастығы үйін экономикалық сот жаздың басында өрт сөндіру қызметінің шағымымен жапқан болатын.

Ұлттық-мәдениет орталықтарының басшылары өздерінің өтініштерінде, электр желілерін жөндеу үшін, өрт сөндіру мақсатында су жеткізу жолдарын жаңарту мен басқа да кемшіліктерді жою үшін 20 млн теңге қажет екенін айтады. Барлық қажетті құжаттар, соның ішінде жобалық-сметалық құжаттама мен қаржыландыру жөніндегі өтініш әкімшілікке берілген. Мәдениет орталықтарының төрағалары облыс басшысын ең алдымен ақша бөліп, содан кейін оларды мәслихат арқылы заңдастыруға көндіргісі келеді.

Мұндай асығыстық дәстүр бойынша күзде көптеген ұлттық-мәдениет орталықтарында Мәдениет және тіл күндері өтетіндігімен түсіндірілуде. Қазір Достық үйінің жабылуынан диаспора мүшелері іс-шараларға дайындалу мүмкіндігінен айырылып отыр.

"Біз ассамблеядан келіп отырмыз (Қазақстан халқының ассамбалеясы сессиясы - агенттік ескертп.), еліміздің президенті ассамблеяның алатын рөлі өсті, деп атап көрсетті... Алғашқы сатылы ұйымдарға жұмысты күшейту туралы тапсырма берілді. Егер біздің диаспоралар үшін маңызды болып табылатын жоспарлы іс-шараларды үзсек, оны қалай түсінуге болады",- деп мәлім етті славяндық ұлттық-мәдениет орталығының төрағасы Борис Рузанов.

"Тамыз аяқталып келеді. Ақшаны бөледі, сосын тағы бір ай оның бәрін қаржыландырады. Одан кейін бәр нәрсенің дұрыс екендігін тексеріп, артынан сот тұтқындаудан шығару туралы санкция бергенше жаз да аяқталады",- деп қолдады оны армияндық орталықтың төрағасы Манук Межлимян.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны