20.05.2008, 13:55 3168

Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданындағы су тасқыны зардаптарын жою үшін 8 млрд теңге келіп түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданындағы су тасқыны зардаптарын жою үшін 8 млрд теңге келіп түсті

Шымкент. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі кезде Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданындағы су тасқыны зардаптарын жою үшін қарастырылған 9 млрд 385 млн теңгенің орнына 7 млрд 951 млн 190 теңге келіп түсті. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО әкімдігінің ТЖ зардаптарын жою және қалпына келтіру жөніндегі дирекциясының директоры Нұржан Құрманбеков хабарлады.

Н.Құрманбековтың ақпараты бойынша, ҚР үкімет қорынан бөлінген 3 млдр теңге, Ақмола, Ақтөбе, Атырау,Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан 200 млн теңге,"Самырұқ"АҚ - 790 млн теңге толайымен келіп түсті.

"Қазатомпром" ҰАК АҚ қарастырылған 200 млн теңгені аударған жоқ, бірақ келісім бойынша компания Сарыағаш ауданындағы Иміров атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жасайды.

"ҚазАгро"АҚ аударуға тиіс 469 млн теңгені жібергендері туралы мәлімет жоқ.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жоспарлаған 2 млрд 525 млн теңгенің орнына 1 млрд 746 млн теңгені бөлді.

Үкіметтің 2008 жылдың 21 наурыз айында қабылдаған қаулысына сәйкес, Сарыағаш, Ордабас аудандарында және Арыс әкімшілік аумағында тұрғын үй құрылыстарын жүргізу үшін 5 млрд 557 млн 500 мың теңге қарастырылған. Бүгінгі күні ол қаржының 1 млрд 300 млн 900мың теңгесі игерілді.

Арыс әкімшілік аумағындағы ауылды округынде 1200 оқушыға арналған мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген 548 млн теңгенің, 162 млн теңгесі жұмсалды.

Сарыағаш ауданының Бірлесу ауылды округындағы мектептің (624 оқу орны) жөндеу жұмыстарына 285 млн теңге қарастырылған, бірақ игерілген қаржы мөлшері жөнінде мәлімет жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны