21.09.2006, 16:27 3046

Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі аймақта төтенше жағдай жариялануы мен тұрғындырдың жаппай ВИЧ індетінен тексерілу мүмкіндігін жоққа шығармайды

ШЫМКЕНТ. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Өмірзақ Шүкеев аймақта төтенше жағдай жариялануы мен тұрғындырдың жаппай ВИЧ індетінен тексерілу мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қалыптасып отырған жағдайда өңірде төтенше жағдай жариялау мен тұрғындырдың жаппай ВИЧ індетінен тексерілу мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Біз халықтан осынау ахуалға түсіністікпен қарауды сұрамақшымыз",- деп мәлімдеді бүгін әкім емдеу-профилактикалық мекемелердің жетекшілерімен өткен кеңесте.

"Облыстағы медицина саласы жұмыстағы үлкен ақаудың бетін ашып берді",- деді әкім. Ол "ахуалдың қазіргіден де сорақы болып шығу мүмкіндігін, бұның тек бәленің басы болуы мүмкін" екендігін ескертті. "Біз мұны мойындауға өз бойымыздан ерлік табуға тиіспіз",- деді Ө.Шүкеев.

Ө.Шүкеев медициналық және құқық қорғау салалары бойынша екі комиссияны да өзі тікелей басқаратынын айтып уәде берді. "Біз осы екі бағыт бойынша ахуалды күн сайын бақылап отыратын боламыз. Біз жағдайды түзетуге барымызды салатын боламыз",- деп сендірді ол.

Икім сондай-ақ тексерулер жуық арада аяқталады және халыққа атқарылған жұмыстар туралы міндетті түрде хабар беріледі деп сендірді. "Оқиғаға жанама болса да қатысы бар әрбір адам, немесе, әрекетсіздігі жұқпалы індеттің осыншама таралуына алып келген әрбір жан лайықты жазасын алады. Бізге мемлекет басшысы тікелей осындай тапсырма берді. Біз бұл істі қайткенде де ақырына жеткіземіз",- деді жаңа әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны