02.09.2007, 16:08 2944

Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі облыстық әкімшілік қызметкерлерінің арасында ауыс-түйіс жасауға ниет білдіріп отырған жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Нұрғали Ишімов облыстық әкімшілік қызметкерлерінің арасында ауыс-түйіс жасауға ниет білдіріп отырған жоқ.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Нұрғали Ишімов облыстық әкімшілік қызметкерлерінің арасында ауыс-түйіс жасауға ниет білдіріп отырған жоқ. Бұл туралы ол бүгін журналистерге хабарлады.

"Жаңа қызметке тағайындалсам да өзіммен бірге ешкімді де әкелген жоқпын", - деп сендірді Н. Ишімов. Оның айтуынша, облыстық әкімшілікте жиналған команда оның көңілінен шығады. "Бұл жерде адамдар іріктелен, ұжым ама кәсіби әрі аса сауатты", - деді ол.

"Мен тіпті көмекшімді де ауыстырған жоқпын", - деді Н. Ишімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны