10.01.2007, 16:19 2870

Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процессі 19-қаңтарда басталуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процессі 19-қаңтарда басталуы мүмкін

ШЫМКЕНТ. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі 19-қаңтарда басталуы мүмкін. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ил-Фараби аудандық сотының төрағасы Зиядинхан Пірнияз хабарлады.

"Сот мәжілісін біз 19-қаңтарда бастауымыз мүмкін",- деді З.Пірнияз. Оның айтуынша, бұл оқиғаға деген жұртшылықтың қызығушылығын ескеру негізінде қылмыстық іс аудандық соттың ең үлкен залында қаралатын болады. "Жұртшылық түгел сыюы үшін бәрін жасайтын боламыз",- деді ол.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Ғалымжан Қасымбековтың түсініктемесіне сүйенсек, ВИЧ індетін жұқтырған балаларға қатысты қылмыстық іс облыстық сотқа 5 және 8-қаңтарда әкелініп, Шымкенттің Ил-Фараби аудандық сотының қарамағына берілді. Ил-Фараби аудандық сотының кеңсесінен хабарлауынша, сотқа 46 томнан тұратын іс келіп түскен. Процессті сот төрағасы жүргізетін болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылдың аяғындағы жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 84 бала мен олардың 12 анасынан анықталды. Індет жұқтырған 8 бала қайтыс болып, бір баланы асырап АҚШ-қа алып кеткен, тағы екі баланың отбасы облыс аумағынан тысқары жерде жүр.

Тергеу аталмыш оқиғаға басты себеп - дәрігерлердің немқұрайдылығында деген тұжырымға келді. Соған сәйкес 21 адамға айып тағылды. Олардың кейбіреуіне немқұрайдылықпен бірге, бопсалау жолымен пара алу, алаяқтық, аса ірі көлемле мемлекет қаржысын ұрлау секілді айыптар тағылуда.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың арасында облыстық денсаулық сақтау департаментінің, денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтің сапасын қадағалау комитетінің, сондай-ақ, облыстық және қалалық балалар ауруханасының лауазым иелері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны