26.06.2007, 13:30 2660

Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім шығарыла бастады

ШЫМКЕНТ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім шығарыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Бастапқыда үкім 11-шілдеде шығарылады деп межеленген болатын. Алайда, кеше сот қызметкерлері процеске қатысушыларға телефон соғып, үкім 26-маусымда шығарылатынын хабарлаған. Бүгін таңертең судья Зиядинхан Пірнияз үкімді жария ете бастады.

ШЫМКЕНТ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім шығарыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бастапқыда үкім 11-шілдеде шығарылады деп межеленген болатын. Алайда, кеше сот қызметкерлері процеске қатысушыларға телефон соғып, үкім 26-маусымда шығарылатынын хабарлаған. Бүгін таңертең судья Зиядинхан Пірнияз үкімді жария ете бастады. "Үкімді оқу қаншаға созылатыны белгісіз,- деді Kazakhstan Today тілшісіне сот кеңсесіндегілер. - Бұл ауқымды іс. Судья өзі жалғыз оқиды, арасында үзіліс жасау керек".

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, сотқа 21 адам, соның ішінде 8 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Екі айыпкер сотқа дейін қамауда болса, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта болды. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған. Денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы бастығы Нұрсұлу Тасмағамбетоваға немқұрайдылық туралы айып тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны