09.07.2007, 13:53 2993

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті ВИЧ індетін жұқтырған балаларға тәуелсіз генотиптік сараптама жүргізуге көмек көрсетуге уәде берді

ШЫМКЕНТ. 9-шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы жұқпалы дерттің таралу көзін анықтау үшін ВИЧ індетін жұқтырған балаларға тәуелсіз генотиптік сараптама жүргізуге көмек көрсетуге уәде берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы тәуелсіз генотиптік сараптама жүргізуге көмек көрсетуге уәде берді. Қажет болған жағдайда олар ЮСАИД арқылы көмек сұрамақшы", -деді Kazakhstan Today тілшісіне қалалық №2 балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Шәдіберген Алпысбаев дәрігерлердің Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің төрағасы Вячеслав Дудникпен, СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабинамен және облыс әкімінің орынбасары Тамара Дүйсеновамен кездесуден кейін. "ВИЧ індетін жұқтырушы көз табылмайынша, дәрігерлер тыныштық таба алмайды, ал біздің әріптестеріміз темір тордың артында отыра бермек", - деді Ш. Алпысбаев.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы мен өз әріптестерінің сотталуына қарсылық білдірген дәрігерлердің кездесуі кеше журналистердің қатысуынсыз өткен. Кездесу ахуалды реттеу мақсатымен ұйымдастырылды.

Сонымен бірге Ш. Алпысбаевтың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен балалар ауруханаларының 20 шақты реаниматологтары жұмыстан шығуға арыз берген көрінеді. "Ихірге ахуал жақсарудың орнына барған сайын нашарлай түсуде. Менің білуімше, қазір аудандық ауруханалардың бас дәрігерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалуда, облыстық балалар ауруханасының тағы да үш дәрігеріне қатысты іс қозғалған", - рассказал он.

Kazakhstan Today тілшісіне мәлім болғанындай, қазір тергеу абақтысында отырған барлық сотталған дәрігерлер үкімнің көшірмесін алып, апелляция беріп жатыр. Шартты мерзімге кесілгендер де шағымдануда.

Сонымен бірге, қалалық №1 балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Бақтыкуль Баймаханова жүрек ақауымен тергеу абақтысынан кардиологиялық диспансердің жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны