19.03.2007, 16:46 3009

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Қазығұрт ауданында ВИЧ індеті ұлдарды сүндетке отырғызу жоралғысынан кейін таралған болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды

ШЫМКЕНТ. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Вячеслав Дудник Қазығұрт ауданында ВИЧ індеті ұлдарды сүндетке отырғызу жоралғысынан кейін таралған болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол бүгін ВИЧ індетімен күрес жөніндегі штабтың отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

В.Дудинктің пікірінше, Қазығұрт ауданында ВИЧ індеті осындағы бір үйде біреуі ВИЧ індетін жұқтырған екі ұлды сүндетке отырғызу жоралғысынан кейін таралған болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. "Жабдықтар қайнатылмағандықтан, вирус екінші сау балаға жұққан болуы ықтимал, ал бірінші науқас бала қайтыс болған",- деді В.Дудник. "Осы жөнінде адамдарға түсіндіру керек. Сіздер індеттің сүндетке отырғызу рәсімі кезінде жұққан болуы мүмкіндігінен хабардар еттіңіздер ме? Осы жайт нақты анықталды ма?", деп сұрады облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев. Бұл сұраққа облыстық СПИД орталығының абс дәрігері Наталья Бабина былай деп жауап берді: "бұл ауданда індет тек осы жолмен ғана таралған болуы мүмкін дей аламыз".

В.Дудник сонымен бірге аурудың аурухана аясында жұғу мүмкіндігін де жоққа шығармайтынын атап өтті. "Індеттің донор қанынан жұғу мүмкіндігіне біз нақты кедергілер қойдық: бүгінгі таңда қан заманауи жабдықта тексерілуде; біз бұрын ауруханалардың жанында болған қан ауыстыру бөлімдерін жаптық",- деді департамент директоры. Алайда ол медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіне қатысты нық сеніммен уәж айта алмайтынын атап өтті. "Біз бір мәрте пайдаланылатын жүйелер мен автоклавтар сатып алдық, бірақ аса қуатты адам факторы сол қалпында сақталып отыр, әрбір медбикенің жанына бір-бір аңдышудан қоя алмайсың. Біз олармен жұмыс істеп, түсіндіріп жатырмыз. Бірақ белгілі бір тәуекел бар",- деді В.Дудник.

Ө.Шүкеев халық арасында кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын белсене жүргізу қажеттігін атап өтті. "Сіздерге баспасөзбен белсендірек жұмыс жүргізу қажет. Адамдарға медбикелердің пайдаланылған аспаптарды қайта пайдалануына жол бермей қадағалау қажеттігін түсіндіру керек",- деді ол.

Қазіргі жағдаймен Қазығұрт ауданында ВИЧ індетін жұқтырған 12 бала анықталған. Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облысында 101 бала ВИЧ індетін жұқтырып, олардың сегізі шетінесе, біреуін шетелге алып кеткен. Балалардың 13 анасынан індет табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны