01.10.2016, 13:42 4577

Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезекті сессиясы өтті

Кеше Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезекті бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына өӊір басшысы Бейбіт Атамқұлов, облыстық мәслихат депуттары мен облыс әкімініӊ орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Шымкент. 1 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезекті бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына өӊір басшысы Бейбіт Атамқұлов, облыстық мәслихат депуттары мен облыс әкімініӊ орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Мәслихат сессиясыныӊ күн тәртібінде 15 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Оӊтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасыныӊ әлеуметтік маӊызы бар нысандардыӊ құрылыстары және қайта құрудыӊ бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі есебі, Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша коммуналдық қызмет көрсету тарифтері туралы, Оӊтүстік Қазақстан облыстық Құрмет грамотасымен марапаттау туралы және тағы да басқа маӊызды мәселелер қаралды.

Сессияда Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясыныӊ төрағасы қызметіне Сырым Шалабаев тағайындалды. Сондай-ақ, жазған арызына сәйкес мәслихат хатшысы Қамытбек Айтөреев қызметінен босатылып, мәслихат хатшысыныӊ міндетін уақытша атқару Ибілқасым Досболовқа жүктелді.

Кезекті сессияны қорытындылаған өӊір басшысы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғысын білдіріп, Елбасы Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында жүктеген міндеттер мен тапсырмаларды бірлесе жүзеге асыруды ұсынды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21 қыркүйекте мәслихаттыӊ кезектен тыс төтінші сессиясы өтті.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, облыстық мәслихатыныӊ кезектен сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердіӊ орындалуы бойынша сөз сөйледі.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тапсырмаларына сәйкес, облысымызда мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда. Өӊіріміздіӊ алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасы талқыланып, бекітілді",- деді облыс әкімі.

"Атқарылған жұмыстардыӊ барлығы халықтыӊ тұрмыс деӊгейін арттыру үшін жасалып отыр.

Құрметті депутаттар! Өздеріӊізге белгілі, жақында Үкіметтіӊ кеӊейтілген мәжілісі өткізіліп, Елбасымыз өӊірлерді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аталған тапсырмаларда Біздіӊ негізгі стратегиялық бағыттарымыз айқындалған. Осыған орай, оны іске асыруды Сіздердіӊ қолдау көрсетулеріӊізбен бірлесе қол жеткізетін боламыз,- деді Б.Атамқұлов.

"Бұдан бөлек, жыл соӊына дейін облысымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай бірқатар маӊызды іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Бұл мерейтойды жалпыұлттық сипатта өткізіп, елімізде Тәуелсіздік құндылықтарын нығайтуға баршамыз атсалысамыз деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сіздер мен біздер бірлесе отырып, Елбасы белгілеп берген "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын және "Мәӊгілік ел" Ұлттық идеясын толық жүзеге асыратынымызға сенімдімін",- деп қорытты сөзін облыс басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны