21.05.2007, 18:04 3548

Оңтүстік Қазақстан облыстық медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитеті ВИЧ індетіне байланысты емдеу мекемелерін тексеру жөнінде дер кезінде бастама көтермеген

ШЫМКЕНТ. 21 - мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі комитет басшылығы балалардан алғаш рет ВИЧ індеті анықталған кезде емдеу мекемелерін тексеру жөнінде дер кезінде бастама көтеруге тиіс болған. Мұндай пікірін балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сотта маман ретінде сөз сөйлеген Республикалық медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитетінің сарапшысы Гүлім Асылбекова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Облыстық медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитеті о баста ВИЧ індетін жұқтырудың жолын іздеуді бастау керек болған",- деді сот отырысында Г. Асылбекова. Бірақ, оның айтуынша, облыстық комитет басшылары қажетті шараларды қабылдамай ғана қоймай, "олар тіптен індеттің жұғуы туралы жоғарыда тұрған органдарға хабар да бермеген".

Адвокаттың комитетте маман-эпидемиолог жоқ деген сөзіне, сарапшы "мұндай жағдайда кешенді комиссия құрылады" деп жауап берді. "Бастама таныту рөлі медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитетінен бастау алуға тиіс, бұл тіптен комитет атынан-ақ көрініп тұр ғой",- деп атап көрсетті Г. Асылбекова.

Оңтүстік Қазақстан облыстық медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитеттің бұрынғы басшысы - айыпталушы Рысқұлбек Байхарашев "біз бастама көтеруге тиіс деп ешқайда айтылмаған" деп наразылық танытты. "Нұсқау бойынша біз жоғарыда тұрған органдарды іс барысы туралы тоқсанында бір рет қана хабарландыруға тиіспіз",- деп қосты ол. "Ал ВИЧ індеті мен санитарлық-эпидемиялық режимнің бұзылуымен СПИД орталығы мен санитарлық-эпидемиялық станция айналысуға тиіс",- деді Р. Байхарашев.

Г. Асылбекова өз кезегінде, адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда барлық қызмет шұғыл шара қабылдауға тиіс деп құтылды. "Сондықтан да санитарлық-эпидемиологиялық станция, медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитеті мен СПИД орталығы бір-біріне сілтеп отырғандықтын, бірыңғай қадағалау органын құру туралы ереже әзірленуде",- деп атап өтті сарапшы.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Шымкентте 19-қаңтардан бері балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот процессі жүруде. Айыпталушылардың саны 21, олардың 18 медицина қызметкерлері.

Бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облысында 111 бала ВИЧ індетін жұқтырған, олардың тоғызы қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. Сонымен қатар, індет жұқтырған 14 бүлдіршіннің анасына "ВИЧ" диагнозы қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны