03.09.2009, 17:33 4503

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік медицина академиясының бұрынғы 1200 студенті оқуын Шымкентте жалғастыратын болды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік медицина академиясының бұрынғы 1200 студенті оқуын Шымкентте жалғастыратын болды

Шымкент. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік медицина академиясының бұрынғы 1200 студенті оқуын Шымкентте Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филиалында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бізде медицина факультеті үшін оқыту базасы бар, оқытушылар құрамы дайындалған. Тәжірибелік сабақтарға арналған клиникалық база Түркістанда да, Шымкентте де бар. Біз мемлекеттік медицина академиясының басқа қалада оқи алмайтын бұрынғы 1300 студентін қабылдауға шешім шығардық. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын: Оңтүстік Қазақстанға да дәрігерлер қажет. Енді түлектердің басым бөлігі осында қалады", - деді кеше студенттермен кездесуде Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің вице-президенті Махир Нақып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны