23.06.2008, 13:31 1531

Оңтүстік Қазақстан облыстық онкодиспансер ісіктің топометриясын айқындау және гамма-стимуляциялық заманауи аппарат алды

Оңтүстік Қазақстан облыстық онкодиспансер ісіктің топометриясын айқындау және гамма-стимуляциялық заманауи аппарат алды

Шымкент. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық онкодиспансер қатерлі ісіктің топометриясын айқындау және гамма-сәуленіңғ траекториясын бағытаудың заманауи аппаратын алды. Бұл туралы облыстық онкодиспансердің бас дәрігері Оңласбек Құлакеев тұсаукесер рәсімінде журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл аппарат емдеуге емес, нақты топометрияны айқындауға бағытталған. Бұл ісіктің нақты шекарасын айқындау, оның тереңдігін білу, сәулені сол маңдағы тканьдарға зақым келтірмей қай жағынан бағыттау керектігін айқындауға жәрдемдеседі", - деді О. Құлакеев.

Құны 130 млн теңге тұратын аппарат республикалық бюджет есебінен алынған.

Облыстық онкодиспансердің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында 8 мыңнан астам онкологиялық науқас бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны