31.07.2007, 15:46 6133

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы сотталған медиктердің істі қайта тергеуге жіберу туралы ұсынысын қабылдамай тастады

ШЫМКЕНТ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына төрағалық етуші Иділ Керімшиев сотталған медицина қызметкерлерінің адвокаттарының балаларға ВИЧ індетін жаппай жұқтыру туралы істі қайта тергеуге жіберу туралы ұсынысын қабылдамай, апеллияциялық шағымды қарауға кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы И. Керімшиевтің төрағалығымен құрамында сот Наталья Павлова мен Таубай Қыдырбаев бар алқаның қысқаша отырысынан кейін барлық ұсыныстар қабылданбады.

Сонымен қатар, таңертеңгі отырыста жәбірленуші Қатира Бекболова мен ВИЧ індетін жұқтырған бір баланың анасының апелляциялық шағымы тыңдалған болатын.

Қатира Бекболова өзінің шағымында үкімге сәйкес шартты жаза тағайындалған Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшысы Нұрсұлу Тасмағамбетоваға, медициналық қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі комитет төрағасы Рысқұлбек Байхарашевқа және облыстық денсаулық сақтау департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Нағима Жолдасоваға қатысты жазаның қатаң болуын сұраған. Қатира Бекболова өз сөзіне өзгерту енгізіп, Нағима Жолдасованы айыптаудан бас тартты, ол мұны балаларға ВИЧ індетін жұқтыруды тергеу Н. Жолдасованың бастамасымен басталғандығына негіздеді.

Жәбірленуші ананың шағымында Нұрсұлу Тасмағамбетоваға қатаң жаза тағайындау, шартты жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы талап жазылған.

Қылмыстық істер жөніндегі алқа отырысында 15.00-ге дейін үзіліс жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны