29.05.2007, 18:13 3545

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы журналист Выборнованы ақтады

ШЫМКЕНТ. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Жамбыл қаласының № 2 сотының журналист Галина Выборноваға қатысты шығарған үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Аппеляциялық шағымы қанағаттандырылсын, Галина Выборнова ақталсын, қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылсын" - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының үкімі осындай.

Бұрын хабарлағанымыздай, журналистке қатысты қылмыстық іс Жамбыл облыстық сотының судьясы Б. Беріковтың шағымы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 129-бабының 2-тармағы (жалған жала жабу) және 130-бабының 2-тармағы (қорлау) бойынша қозғалған болатын. Б. Беріков өзінің шағымында "Экспресс К" газетінің нөмірінде жарияланған "Тараз: бандиты торжествуют" атты мақаладағы мәліметтер шындыққа жанаспайтындығын мәлім еткен болатын. Бірақ сот талқылауына соңғы абзац себеп болған, онда сот Беріковтың айтынша журналист "оны әлдебіреумен бірге жезөкшелер жиналатын саунада көрген-мыс" деген бейнекассета туралы хабарланған.

Шыққан үкімге наразылық танытқан Г. Выборнова мен оның қорғаушылары айыптаушы қызметкері болып табылатын Жамбыл облыстық сотына сенімсіздік танытқан, және де Жоғарғы сот шағымды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қарауына жіберген болатын.

Бүгін Иділ Керімшиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысы барысында Галина Выборнова, оның қоғамдық қорғаушысы, оның адвокаты, сонымен қатар сот Б. Беріковтың өкілін тыңдады. Прокурор Бауыржан Қараманов өзінің сөзінде "үкімнің заңсыз шығарылғандығын" атап өтті. "Мен апелляциялық шағымды қолдаймын, - деді ол. - Журналист өзінің мақаласында тіптен саунада судьяның жүргендігін айтпайды, онда "оған ұқсас адам" туралы айтылған".

Отырыс алдында Г. Выборнова: "осы сотқа көп нәрсе байланысты болады. Бірінші кезекте біз, журналистер сот билігімен ынтымақтастық жасаймыз ба әлде қылмыстық қауымдастықты қуантып бір-бірімізбен жаға жыртысамыз ба", деген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны