24.10.2016, 16:50 4349

Оӊтүстік Қазақстан облыстық жастар жаӊа технологияларды меӊгеруге құлшынуда

Ийгерiм Өмiрбекованыӊ айтуынша, қазiргi жаһандану заманында зейiндi де зерделi жастарды жаӊа технологияларды қолдана отырып, ой-өрiсi жаӊашыл, шығармашылықпен айналысатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу - ұстаздар қауымыныӊ мiндетi.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today -А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кiтапханада "Сырласу-Альманах" жастар клубыныӊ ұйымдастыруымен жақында "Жастар тәрбиесiндегi жаӊа технологиялар" тақырыбында пiкiр алмасу кешi өттi, деп хабарлайды okg.kz сайты.

Кешке қатысушы Жаӊа технологиялар колледжiнiӊ "IТ және бағдарламалау" кафедрасыныӊ аға оқытушысы, ғылыми қызметкер, Ил-Фараби атындағы студенттер ғылыми қоғамыныӊ төрағасы Зәуiрбек Асылхан көпшiлiкке жас шәкiрттерi Айтбай Нұрболаттыӊ "Электронды кiтап", Жанәдiл Ибдiрахманныӊ "Анимациялық ертегiлер", Шүкiр Фарзу мен Сыдықов Диастыӊ "КАТ фильтрi" атты жобаларын таныстырды. Оӊтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институтыныӊ "Кәсiптiк бiлiм және бейнелеу өнерi" кафедрасыныӊ магистрi, аға оқытушы Гүлнәр Жолдасбекова шәкiртi Илия Мұратханмен бiрге жаӊа технология бойынша киiз басу тәсiлдерi арқылы аяқ киiм тiгу үлгiлерiн көрсетiп, жүннен гобелен тоқып көрсеттi. Гобелен тоқу мен киiзден аяқ киiм тiгуге қызыққан жастар осынау өнердi өз қолдарымен жасап көруге мүмкiндiк алды.

Жастардыӊ қолөнерге бейiмдiлiгiн байқаған М.Иуезов атындағы ОҚМУ-дiӊ "Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебiнiӊ" аға оқытушысы Ийгерiм Өмiрбекованыӊ айтуынша, қазiргi жаһандану заманында зейiндi де зерделi жастарды жаӊа технологияларды қолдана отырып, ой-өрiсi жаӊашыл, шығармашылықпен айналысатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу - ұстаздар қауымыныӊ мiндетi.

Сондай-ақ ол жаӊа ақпараттық технология аса қажеттi педагогикалық проблемалардыӊ шешiмдерiн табуға, ой еӊбегiн арттыруға септiгiн тигiзедi, оқу үрдiсiн тиiмдi басқаруды қамтамасыз етедi. Мұндай пiкiр алмасу кешi жастарға өз бетiнше шығармашылық пен жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызады және олардыӊ көзқарасына әсер ете отырып оныӊ интеллектуалдық деӊгейін арттыруға көмектеседі.

Жаӊа технологиялар колледжiнiӊ кiтапханашысы Индира Ақылбекова, М.Иуезов атындағы ОҚМУ-дiӊ биология кафедрасыныӊ аға оқытушысы, биология ғылымыныӊ кандидиты Роза Мыӊбаева iс-шараныӊ маӊыздылығына тоқталып, өз ой-пiкiрлерiн ортаға салды.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны