24.07.2007, 11:04 2658

Оңтүстік Қазақстанда бірнеше елдімекенге жаңа атаулар берілді

ШЫМКЕНТ. 24 шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ономастикалық комиссия бірнеше елдімекеннің жаңа атауларын бекітті. Бұл туралы облыстық ономастикалық комиссияның отырысында облыс әкімінің орынбасары Дархан Мыңбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, Түркістанда Қызылшаруа елдімекенін Қаратөбе, Мақтаарал ауданында Прибрежное ауылын - Алтын кемер, Комсомол ауылын Жалпаққұм, Плодовиноградное атауын Жүзімдік деп атау ұйғарылды.

Абай елдімекенін (Мақтаарал ауданы) Зайырбек Ахметовтың атымен атау туралы мәселе біршама дау тудырды. Комиссия мүшелері бұны белгісіз атау деп атап, ауыл атауын өзгертуден бас тартты.

"Ел президенті географиялық нысандарды белгілі бір адамдардың, соның ішінде қазіргі көзі тірі адамдардың атымен атауға қарсы", - деді Д. Мыңбай. Оның айтуынша, "елдімекен атауларын өзгертуге қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр, жуырда өткізілген рейдтер көптеген заңға сәйкессіздікті анықтап берді".

Икім орынбасары қалалар мен елдімекендерде мектептер мен көшелерге тіпті жергілікті тұрғвндарға да бейтаныс жаңа атаулардың берілгендігіне назар аударды. "Бұл өздерінің ата-бабасының атын болашақ ұрпақтың санасында қалдыруды көздеген санаулы ғана адамның әрекеттерінің нәтижесі екені белгілі", - деген тұжырым жасады Д. Мыңбай. Ол мысал ретінде Хантағы ауылы әкімінің Ильич атындағы көшеге Б. Бекенов атауын беруді талай мәрте өтініп сұраған тілегін мысалға келтірді. Артынан белгілі болғанындай, бұған Мәсукеуде тұратын бір ауқатты кәсіпкер себепші болыпты.

Икімнің орынбасары тиісті қызметтерге сәйкессіздіктерді жоюға тапсырма берді. Ол үш айда жүзеге асырылуға тиіс, бұдан кейін қалалар мен ауылдарға жаңа рейдтер ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны