14.05.2012, 15:29 3999

Оңтүстік Қазақстанда қоңыр аю тұрғындарды әлекке салды

"Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Өгем филиалы аумағында, таулы өңірде түрлі жабайы аңдар мен құстар мекендейді. Сонау Ақтас, Үкітас, Өгем секілді жерлерде қоңыр аю тіршілік етеді. Солардың қайсыбірінен екені белгісіз бір аю Сауап ауылына келіпті. Сол жерде оны алғаш заставаның солдаттары көрген. Олардың жабайы аңды тауға қарай қайтармақ болған әрекетінен ештеңе өнбеген.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстанда қоңыр аю тұрғындарды әлекке салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Өгем филиалы аумағында, таулы өңірде түрлі жабайы аңдар мен құстар мекендейді. Сонау Ақтас, Үкітас, Өгем секілді жерлерде қоңыр аю тіршілік етеді. Солардың қайсыбірінен екені белгісіз бір аю Сауап ауылына келіпті. Сол жерде оны алғаш заставаның солдаттары көрген. Олардың жабайы аңды тауға қарай қайтармақ болған әрекетінен ештеңе өнбеген.

Содан аю таңертеңгі сағат жеті жарымда Қазығұрт ауданына қарасты Жігірген ауыл округіндегі Қызылбұлақ ауылына барған. Мектеп шарбағы арқылы өтіп, Қожамберді Досмұратұлы, Бердан Тойманұлы, Бақтыбай Тасқұлұлы үшеуінің шарбақтарын адақтаған. Соңғысына келгенде Бекеңнің жылқылары аюдан үркіп, биік шарбақтан топырлап секірген көрінеді. Содан кейін аю Күзербай Ешімқұлұлының шарбағына өтіп, сәл аялдап, тынығып алыпты.

Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Өгем филиалының директоры Бақтияр Махатовпен ілесіп біз де Қызылбұлақ ауылындағы аю аялдаған үйге жеткен болатынбыз.

Бір топ адам болып үлкен жапырақтардың арасындағы түз тағысына жақын қалғанымызда ол орнынан ыршып тұрып, жөнеп қалды. Ұя өзенінің бойымен жоғары өрлеген аю Биғали Сейділлаұлының шарбағына кіріп, қалың қамысқа жасырынды.

"Қазір алпыс бір жасқа келдім. Ауылға таудан қабан, елік түскенін көргенбіз. Осы жасымда аюдың келгенін тұңғыш рет естіп, көріп отырмыз", - дейді Күзербай аға.

Мамандардың айтуына қарағанда, қоңыр аю өлексе, жеміс-жидектің көгін жейді екен. Таудан сол өлексенің иісіне немесе өрік тәушесін жеуге түссе керек. Иркім әрқалай болжалдап жатты. Бұл қоңыр аюдың қайдан келгенін ешкім де нақтылап айта алмайды.

Биғалидың шарбағында қараңғылықты түсіріп, сол жерге түнеген аю ел-жұрт тынышталғанда, түнді пайдаланып өз мекеніне қайта оралыпты. Оның қайсы тау шыңына қарай кеткенін де ешкім білмей қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны