04.10.2006, 09:52 3175

Оңтүстік Қазақстанда күйдіргі ошағында тұрып жатқан 460-тай адам дәрігерлердің бақылауына алынды

АСТАНА. 4-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргі дертінің белгілері анықталған адамдар мен малдармен қарым-қатынаста болған, ауру ошағында тұрып жатқан 460-тай адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Ауру ошағында 460 адам анықталып, олар дәрігердің бақылауына алынды",- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сарыағаш аудандық аурухаансына бірнеше күннің ішінде аудандағы Іңкес, Бесқұдық және Сарышаған ауылдарынан күйдіргі белгілерімен 9 адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдаймен 63 жастағы әйел мен 28 жастағы еркектің ауру жұқтырғаны расталды. Сонымен бірге тағы да екі адамнан күйдіргінің типті терілік формасы анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны