31.01.2013, 09:45 6353

Оңтүстік Қазақстанда күшті жаңбыр жаууы мүмкін

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан облысында күшті жаңбыр жауып, соның салдарынан өңірдегі кейбір тау өзендерінде сел жүруі мүмкін.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстанда күшті жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланған.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан облысында күшті жаңбыр жауып, соның салдарынан өңірдегі кейбір тау өзендерінде сел жүруі мүмкін.

Негізінен, Қазақстанның басым аумағы ауқымды антициклонның ықпалында болып, аязды ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік бөлігі оңтүстік циклонның шығуына байланысты атмосфералық ағымдардың ықпалында болып, қар жауып, жауын-шашын болады, күшті жел соғып, тұман түседі және көктайғақ болады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күші 23-28 м/с-қа жетеді деп болжануда. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, күндіз Алакөл көлінің ауданында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбе облысында кей жерлерде боран соғып, жел күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз жел күші 15-20 м/с болады. Қарағанды облысында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны