21.02.2012, 15:52 3546

Оңтүстік Қазақстанда су басқан үйлерден 2 мыңға жуық адам құтқарылды, құрбан болғандар жоқ

"...Бізді Оңтүстік Қазақстандағы жағдай алаңдатып отыр, ол жақта көптеген аудандарды су басты, тек Ордабасы ауданы бойынша 4-10 үй шоғырланған жерге су жиналды. Қазір онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр, Қызылорда, Алматы, Тараз бен Астана қалаларынан құтқару жасақтары тартылды. Оперативтік топты генерал Петров бастап кетті.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстанда су басқан үйлерден 2 мыңға жуық адам құтқарылды, құрбан болғандар жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстанда су басқан үйлерден 2 мыңға жуық адам шығарылған, құрбан болғандар жоқ, ауа райының суытуына байланысты жағдай тұрақталды.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім еткен.

"...Бізді Оңтүстік Қазақстандағы жағдай алаңдатып отыр, ол жақта көптеген аудандарды су басты, тек Ордабасы ауданы бойынша 4-10 үй шоғырланған жерге су жиналды. Қазір онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр, Қызылорда, Алматы, Тараз бен Астана қалаларынан құтқару жасақтары тартылды. Оперативтік топты генерал Петров бастап кетті.

...Екі аптадан бері 30 градустық суық болды, қар қалың түсті, 17-18-19 ақпанда жаңбыр жауды. Маңайға және тау бөктерлеріне түскен барлық қар қоры еріп, су ауылдарға жинала бастаған. Осы тұрғыда ҚОҚМ-нан ескерту хабарлама уақытылы келіп, дайындық шаралары 16 ақпанда басталып кеткендігін айтқым келеді. Облыс әкімі Мырзахметов үлкен іс тындырды. Барлық құрылымдар мен аудан әкімдіктерінің алдына елді мекендерді қорғау міндеті қойылды. Қазір құтқару жұмыстарына және бөгеттер көтеру жұмыстарына шамамен 2,5 мың адам мен мыңға тарта техника жұмылдырылды. Біз табиғи апаттан Арыс, Сарыағаш, Отырар аудандары мен Түркістан қаласын аман алып қалдық. Бізбен қатар операцияға Шымкентке орналастырылған ішкі әскер бригадасының 150 қызметкері қатысуда, онда авиация мен екі тік ұшақ тартылды", - деп хабарлады министр.

Министрдің айтуы бойынша, ауа райының салқындауына байланысты жағдай тұрақталды. Су басқан үйлерден шамамен 2 мың адам құтқарылып, туыстарының үйіне, мектептерге орналастырылды. Құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны