25.01.2010, 16:30 3188

Оңтүстік Корея Қазақстанға жүрдек әскери қайықтарын экспорттамақшы

Оңтүстік Корея Қазақстанға жүрдек әскери қайықтарын экспорттамақшы

Алматы. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Корея Қазақстанға жүрдек жауынгерлік қайықтарын экспорттамақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today The Chosun Ilbo агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың аяғында ҚР Қарулы күштерінің теңіз күштерінің бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақов Қазақстанға әскери-теңіз мақсатындағы жауынгерлік қайықтарды экспорттауды ресми түрде Оңтүстік Корея үкіметінен сұраған, деп хабарлайды Chosun Ilbo үкіметтің хабарламасына сілтеме жасап.

Осы жөніндегі ресми келісімге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған Сеул сапары кезінде қол қойылады деп жоспарланған. Сауданың құны 100 млн долларға бағалануда.

Жоғарғы жылдамдықтағы The Yun Young Ha қайықтары солтүстікореялық әскери-теңіз күштерінің қайықтарымен үш бірдей қақтығысқа қатысқан Chamsuri тобына жататын қайықтардың мұрагері. Олар 76-миллиметрлік зеңбіректермен және "кеме-кеме" классына жататын зымырандармен жабдықталған. Мұндай кемелер патруль қызметіне де жарамдылығын дәлелдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны