20.12.2012, 15:08 3219

Оңтүстік Корея мемлекетінің тарихында алғаш рет ел президенті болып әйел адам сайланды

Хабар агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні өткен сайлауда билік басындағы партия үміткері - 60 жастағы Пак Кын Хе жеңіске жеткен.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Корея мемлекетінің тарихында алғаш рет ел президенті болып әйел адам сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні өткен сайлауда билік басындағы партия үміткері - 60 жастағы Пак Кын Хе жеңіске жеткен.

Дауыстардың 80 пайызын санап үлгерген Орталық сайлау комиссиясы Пак Кын Хе 51,54 пайыз дауыс жинағанын жариялады. Оның негізі бәсекелесі Мун Чже Ин 48 пайыз дауыс иеленген. Пак Кын Хе 1961-ші және 1979 жылдар аралығында Оңтүстік Кореяны басқарған генерал Пак Чон Хидің қызы. 1961 жылы мемлекеттік бүлік нәтижесінде билікке келген генерал 1979 жылы қастандықтан қаза тапқан. Пак Чон Хи билігі кезінде ел экономикасы өрлегенімен, тарихта ол аяусыз қатал диктатор ретінде белгілі.

Сайлау науқаны барысында Пак Кын Хе әкесінің билігін сынға алып, оны қылмыстары үшін халықтан кешірім сұраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны