04.04.2013, 14:51 3275

Оңтүстік өңірде кене шаққандар саны күрт артып отыр

Мемсанэпидбақылау комитетінің ОҚО бойынша департаменті ұсынған мәліметтерге сәйкес, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен үш есе артық.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік өңірде кене шаққандар саны күрт артып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстанда 168 адамды кене шаққан.

Мемсанэпидбақылау комитетінің ОҚО бойынша департаменті ұсынған мәліметтерге сәйкес, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен үш есе артық.

Конго-қырым геморрагиялық қызба дертінің тасымалдаушысы болып табылатын қауіпті жәндіктермен күрес жұмысын жақсарту үшін өңірдің санэпидбақылау мамандары, медицина қызметкерлері мен әкімшілік өкілдері бірлесіп жұмыс істеу жоспарын құрып отыр.

"Жұмысымыздың тиімділігін арттыру үшін мал мен оны күту орындарын залалсыздандыру жұмыстарын қатар жүргізу керек, - дейді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Нелля Гимзатдинова. - Одан бөлек, халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Жұрт қауіпті жәндіктерден қалай қорғану керектігін, егер шағып алған жағдайда не істеу қажеттігін білулері тиіс".

Оңтүстік Қазақстан облысында кенелердің көп тарау кезеңі сәуір-мамыр айларына тұспа-тұс келеді. Ал биыл ОҚО-да кенеден залалсыздандыру жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда 15 күнге кеш басталғалы отыр.

Естеріңізде болса, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан үш адам көз жұмған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны