26.10.2015, 18:11 3758

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ 5-ші механикаландырылған бригадасына алғашқы шақырылушылар да келіп жетті

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 11971 әскери бөліміне "Күз-2015" шақырылымыныӊ мерзімді қызмет сарбаздарыныӊ жас толымы келді. 3 жылдан астам 5-ші механикаландырылған бригадада мерзімді қызмет сарбаздары қызмет өткермегенін айта кеткен жөн. Бұл соӊғы уақыттағы алғашқы толым. Сондықтан сарбаздардыӊ келуіне ерекше дайындалдық

Астана. 26 Қазан. Kazakhstan Today - "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 11971 әскери бөліміне "Күз-2015" шақырылымыныӊ мерзімді қызмет сарбаздарыныӊ жас толымы келді. 3 жылдан астам 5-ші механикаландырылған бригадада мерзімді қызмет сарбаздары қызмет өткермегенін айта кеткен жөн. Бұл соӊғы уақыттағы алғашқы толым. Сондықтан сарбаздардыӊ келуіне ерекше дайындалдық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Теміржол станциясында бөлім қолбасшылығы оркестр және күмбірлеген әуенмен жаӊадан келген жауынгерлерді салтанатты түрде қарсы алу ұйымдастырылды. Шақырылушылар Астанадан, Ақтөбеден, Оралдан бірнеше команда болып келді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ертеӊ Алматыдан тағы бір соӊғы команданыӊ келуі күтілуде. Барлығы осы күзгі шақырылым аясында әскери бөлім шамамен 160 мерзімді сарбазды қабылдайды.

Бір ай ішінде жаӊадан келген сарбаздарға жас жауынгер курсынан өту қажет.

"Бөлімге шақырылушылардыӊ келуіне орай барлық жағдай жасалған, жиын әкімшілігі құрылған. Оныӊ құрамына сарбаздарды әскери істіӊ негізін оқытып қана қоймай, сонымен бірге олар үшін таӊсық жағдайға бейімделуге көмектесетін тәжірибелі сардарлар кірді", - деп атап өтті жиын әкімшілігініӊ бастығы капитан Тимур Садықов.

11971 әскери бөлімі 5-ші механикаландырылған бригадаға бағынысты бөлім болып табылады. Сондықтан оқу аяқталғаннан кейін сарбаздар бригаданыӊ әртүрлі бөлімшелеріне бөлінеді.

Жақында Тараздан жас сарбаздар келген қалаларға жеткіншектерді бригадаға іріктеу үшін бір топ офицерлер шықты. Барған жерлерінде олар әрбір шақырылушыныӊ ісін мұқият тексерді, бозбалалармен әӊгімелесті, анағұрлым лайықты дегендерді іріктеді.

Бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздарды тереӊдетілген психологиялық тестілеу күтіп тұр. Анағұрлым жоғары жүйке-психикалық тұрақтылығы бар сарбаздар қарауылдар мен нарядтарда қызмет өткеру үшін жауынгерлік бөлімшелерге бөлінеді. Жүйке-психикалық тұрақтылығы орташа дәрежедегі бозбалалар қамтамасыз ету бөлімшелеріне жіберіледі. "Искери қызмет пен әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" Заӊға сәйкес олар бір жыл борыштарын атқару қажет, одан кейін запасқа босатылып, еліміздіӊ әскери-оқытылған резервісініӊ құрамына кіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны