31.03.2015, 07:44 6883

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери бөлімдері шартты жауынгерлік даярлыққа келтірілді

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери бөлімдерінде ауқымды оқу-жаттығулар басталды. 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында, яғни бір апта бойы ұдайы дабыл бойынша 450-ден аса әскери қызметші шартты жауынгерлік даярлыққа келтірілетін болады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери бөлімдерінде ауқымды оқу-жаттығулар басталды. 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында, яғни бір апта бойы ұдайы дабыл бойынша 450-ден аса әскери қызметші шартты жауынгерлік даярлыққа келтірілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқу-жаттығу барысында жеке құрамнан белгіленген уақыт ішінде жауынгерлік жүйеге өтуді, қолдағы бар қару-жарақтар мен әскери техникаларды әскерлер орналасқан шартты жерге жөнелтуді жедел орындау талап етіледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осындай іс жүзіндегі жаттығулар әскери қызметшілердіӊ ұжымдық рухын нығайтып, оларды жинақылыққа баулиды. Бұл жерде әр жауынгер команданыӊ бір бөлшегі ретінде айла-тәсілін пысықтап, жеке құрам үшін сапалы және тиімді жетістіктерге жету үшін маӊызды жауынгерлік даярлықты көрсетеді.

Оқу-жаттығулар бөлім командирлері үшінде маӊызды шара саналады. Командирлер атқаратын міндеттер қатарына жеке құрамды сауатты басқару ғана емес, сонымен қатар, арнайы шартты жауынгерлік операцияларды орындау барысында әскери қызметшілердіӊ салауатты моральдық-психологиялық жай-күйін ұйымдастыру да кіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны