04.08.2016, 19:08 3777

Оӊтүстікқазақстандық мәдениет майталмандары Аустрияда өнер көрсетуде

2016 жылғы 4-6 тамыз аралығында Филлах қаласында өткізілетін Еуропадағы ірі фольклорлық "Villacherkirchtag" фестивалініӊ бағдарламасы аясында бүгін Каринтия астанасы Клагенфурт қаласында "Қазақстан маржандары" атты концерт ұйымдастырылуда

Астана. 4 тамыз. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 4-6 тамыз аралығында Филлах қаласында өткізілетін Еуропадағы ірі фольклорлық "Villacherkirchtag" фестивалініӊ бағдарламасы аясында бүгін Каринтия астанасы Клагенфурт қаласында "Қазақстан маржандары" атты концерт ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған фестивальге Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ атынан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияныӊ "Тұмар" фольклорлық ансамблі мен халықаралық, республикалық би байқауларыныӊ жүлдегерлері "Қазына" би ансамблі қатысып жатыр.

2017 жылғы ақпан айында Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардыӊ орнағанына 25 жыл толады. Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени салалардағы ынтымақтастық үшін негіз жасалып, екі жақты 19 құжатқа қол қойылды. Мәдениет саласындағы табысты ынтымақтастықтыӊ айқын дәлелдерініӊ бірі Каринтия астанасында өтетін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ бүгінгі концерті болып табылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны