02.08.2016, 18:12 4283

Оӊтүстікқазақстандықтар Алматыда болған оқиғаныӊ салдарынан ерлікпен қаза тапқан полиция лейтенантын ақтық сапарға шығарып салды

Қаралы басқосуға келген облыс әкімініӊ орынбасары Ж.Бөкенбаев ерлікпен қаза тапқан марқұмныӊ бұл қайғысы оныӊ туыстарыныӊ ғана емес, барша қазақстандықтардыӊ көӊіліне қаяу салғанын баян етті.

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қазығұрт ауданында қаралы жиын өтті. Ауданныӊ Қарабастау ауылыныӊ тұрғындары мен ішкі істер саласыныӊ қызметкерлері Алматыда орын алған оқыс жағдай кезінде ауыр жараланып, жан сақтау бөлімінде кешегі күні көз жұмған полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевты ақтық сапарға шығарып салды. Жерлеу рәсіміне ОҚО әкімдігі мен Алматы қалалық әкімдігініӊ өкілдері, сондай-ақ, ішкі істер саласыныӊ жетекшілері де қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қаралы басқосуға келген облыс әкімініӊ орынбасары Ж.Бөкенбаев ерлікпен қаза тапқан марқұмныӊ бұл қайғысы оныӊ туыстарыныӊ ғана емес, барша қазақстандықтардыӊ көӊіліне қаяу салғанын баян етті.

Айта кетейік, М.Рахматуллаевтыӊ туыстарына Алматы қалалық әкімдігінен 15 млн. теӊге, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігінен қосымша 5 млн. теӊге берілетін болады. Сонымен бірге, ішкі істер саласыныӊ қызметкерлері бір күндік жалақыларын Алматыда болған қанды оқиға кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердіӊ отбасыларына аударуды ұйғарып отыр.

Еске салайық, шілде айыныӊ 18-інде Алматы қаласында террорлық акт орын алды. Ай мен күнніӊ аманында суық қаруланған бұзақы азамат 8 адамды жаралып, 8 адамныӊ өмірін қиған болатын. Соныӊ бірі, жерлесіміз, полиция лейтенанты Мейрамбек Нұридиллаұлы Рахматуллаев еді. Ол кеше басынан алған ауыр жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны