30.05.2016, 18:36 4119

Оӊтүстікте Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары өтті.

Өӊірімізде өнерлі жастарды қолдау және ел арасында таныту, оларды толерантты рухта тәрбиелеу, кәсіби өсуіне ықпал жасау мақсатында Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарыныӊ облыстық байқауы өткізілді. Биыл ХІІ рет шымылдығын түрген бұл байқауды Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыныӊ "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастырды

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Өӊірімізде өнерлі жастарды қолдау және ел арасында таныту, оларды толерантты рухта тәрбиелеу, кәсіби өсуіне ықпал жасау мақсатында Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарыныӊ облыстық байқауы өткізілді. Биыл ХІІ рет шымылдығын түрген бұл байқауды Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыныӊ "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шығармашылық саланыӊ 15 түрінен: фортепиано, баян-аккордеон, скрипка, домбыра, қылқобыз, академиялық ән салу, дәстүрлі ән , эстрадалық ән , халық биі, классикалық би, қазіргі заман биі, бейнелеу өнері, журналистика, поэзия және ұлттық қолөнер шығармашылығы сияқты номинациялар бойынша тартысты өткен шығармашылық додаға аудан-қалалардан 200-ден аса жастар қатысты.

Ұлттық рух пен шынайы кәсібилік турасында жарысқа түскен жастардыӊ 39-ы түрлі өнер аталымдары бойынша дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау жеӊімпаздары ағымдағы жылдыӊ екінші жартыжылдығында Ақмола облысы, Степногорск қаласында өтетін ХІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарыныӊ Республикалық байқауына жолдама алды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны