01.10.2016, 11:27 4295

Оӊтүстіктіӊ туристік бизнес өкілдері халықаралық туристік көрмеде біршама әріптестік келісімдерге қол жеткізді

Көрмеге келушілер Оӊтүстік Қазақстан облысына орасан зор қызығушылық танытуда. Бірінші күннен бастап, облыстыӊ туристік бизнес өкілдері шетелдік және басқа облыстардағы әріптестерімен өзара ынтымақтастық туралы 20-дан астам келісімдерге қол жеткізді.

Шымкент. 1 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Астана қаласында "Astana-Leisure" қазақстандық халықаралық туристік көрмесі өз жұмысын бастады. Жыл сайын өтетін көрме Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Индия, Қытай, Корея, Мальдивы сынды алыс және жақын шет елдерініӊ 114 туристік бизнес ұйымдарыныӊ өкілдерін біріктірді.

Көрменіӊ жұмысына Оӊтүстік Қазақстан облысы делегациясы Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ жетекшілігімен туристік және қонақ үй индустриясыныӊ 15 өкілі қатысты.

Көрмеге келушілер Оӊтүстік Қазақстан облысына орасан зор қызығушылық танытуда. Бірінші күннен бастап, облыстыӊ туристік бизнес өкілдері шетелдік және басқа облыстардағы әріптестерімен өзара ынтымақтастық туралы 20-дан астам келісімдерге қол жеткізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысында өтетін туристік форумына 10 мемлекеттіӊ өкілдері қатыспақ.

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Шымкент" ИКК" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Мәлік Жүйріктаев хабарлады. Оныӊ айтуынша, 6-7 қазан күні Шымкент қаласында өтетін "Ontustik Tourism-2016" халықаралық туристік форумына 250 шетелдік және қазақстандық қонақтар келмек. Атап айтқанда, форумға ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ, ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерініӊ, Қазақстанныӊ шет елдегі елшіліктері мен шет елдіӊ Қазақстандағы елшіліктерініӊ, ҚР ұлттық компанияларыныӊ, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесі, шет елдердегі туризм министр өкілдері қатысуы жоспарлануда.

Халықаралық шараныӊ ұйымдастырылу барысы туралы жиынға "ОҚО туризм индустриясыныӊ дамыту" орталығы қауымдастығыныӊ жетекшісі Гүлмира Ақбердиева және "Ontustik Tourism Center" туристік-ақпараттық орталығы директорыныӊ орынбасары Олжас Шынтаев қатысты.

Журналистермен болған басқосуда спикерлер аталған форум аясында "Оӊтүстік Қазақстан облысы - Жібек Жолыныӊ жүрегі" тақырыбындағы бизнес-конференция мен "Silk Way Tourism Fair" туристік көрмесі, сонымен қатар, облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылатынын жеткізді.

"Туризм саласындағы өӊіраралық және халықаралық серіктестіктерді қарқындатып, туризм мен қонақжайлық қызмет саласында іскерлік қатынастар орнату және дамыту мақсатында ұйымдастырылып жатқан форумда қатысушылар үшін әлеуетті бизнес-серіктестермен B2B кездесулер өткізіліп, меморандумдар түзіледі деп күтілуде. Сонымен бірге, "ONTUSTIKTOURISM-2016" туризм шарасында туристік және қонақүй бизнесі саласындағы отандық және халықаралық сарапшылардан қажетті кеӊестер алуға мүмкіндік туады", - деді О.Шынтаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны