09.01.2017, 16:43 4314

"Опера сахнасыныӊ королі" Пласидо Доминго "Астана Опера" театрына келеді

Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго негізін қалаған вокалшылардыӊ дүние жүзіндегі еӊ беделді "Опералия" байқауы Қазақстанда алғаш рет өтеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today "Астана Опера" театрыныӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго негізін қалаған вокалшылардыӊ дүние жүзіндегі еӊ беделді "Опералия" байқауы Қазақстанда алғаш рет өтеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today "Астана Опера" театрыныӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен 2017 жылдыӊ 24 мен 29 шілдесі аралығында "Астана Опера" сахнасында Опера өнерініӊ дүниежүзілік конкурсы жиырма бесінші рет ұйымдастырылғалы отыр.

"Астана Опера" театрыныӊ өнер ұжымы "ЭКСПО-2017" көрмесіне орай, есте қаларлық керемет шаралар бағдарламасын әзірледі. Солардыӊ қатарында "Опералия" да бар. Маэстро Домингоныӊ әлемдік опера өнеріне қосқан үлесінебаға жетпейді. Мұндай деӊгейдегі тұлғамен бірге жұмыс жасау - біз үшін үлкен мақтаныш", - дейді "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрыныӊ директоры, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

"Опералия" байқауына 18 бен 32 жас аралығындағы кезкелген әнші (бас даусынан бастап, сопраноға дейін) қатыса алады. Астанаға дүние жүзініӊтүкпір-түкпірінен 40 жуық дарынды вокалшылар келеді. Алдын-ала іріктеу электрондық өтініш бойынша 2016 жылдыӊ желтоқсанынан бастап, 2017 жылдыӊ ақпанына дейін жүреді. Байқау үш кезеӊнен тұрады және маэстро Домингоныӊ "Астана Опера" Симфониялық оркестрінежетекшілік етуімен өтетін жеӊімпаздардыӊ галаконцертімен аяқталады.

"Опера королі" және "қазіргі заманныӊ көрнекті опера әртісі" атанып кеткенПласидо Доминго, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас әншілерге үнемі ерекше көӊіл бөледі, себебі өнер жолыныӊ бастауында кездесетін қиыншылықты талай өз басынан кешірді.

"Опералиядағы" меніӊ міндетім үздік дауыстарды іріктеп қана қоймай, болашақта нағыз әртіс шығуы мүмкін деген ерекше, мінезді, актерлық шеберлігі бар әншілердіӊ талантын ашу. Осындай жастарнағыз жұлдызға айналады", - дейді маэстро Доминго.

Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер даусы арасында 1, 2 және 3 сыйлық иелерін марапаттаумен қатар, жүлделер қатарында Р.Вагнер және Р.Штраустыӊ репертуарынан операны үздік орындаған үшін Б.Нильсонныӊ сыйлығы, үздік орындалған сарсуэлалар үшін (испандық опереттаға жақын сахналық-музыкалық жанр) Пепита Эмбил де Доминго мен үлкен Пласидо Домингоныӊ сыйлығы және көрермен көзайымыныӊжүлдесі және т.б. бар.

"Опералияныӊ" вице-президенті Альваро Доминго делегациясымен бірге елордалық театрда болды. КішіДоминго мырза, "Астана Опера" театрында мұндай деӊгейдегі байқауды өткізуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

"Астанада болған сапарымыздыӊ нәтижесіне өте ризамын. Жаӊа, қазіргі заманға сай театр еӊ соӊғы үлгідегі техникамен жабдықталған: мұндағы репетиция, гримдеу залдары, оркестр шұӊқыры, сахна, бәрі керемет. Оркестр мен хордыӊ жоғары деӊгейі, сондай-ақ, әр қызметкердіӊ жұмысқа деген оӊ көзқарасы жағымды әсер қалдырды. Театр басшылығымен өткен кездесу екі жаққа да тиімді болды. Бірлескен еӊбегіміз жемісін беріп, алдағы айларда жүзеге асыратын "Опералияныӊ" бұл шығарылымы,бұған дейінгілерінен де сәтті өтеді деп үміттенемін", - деп қорытындылады Альваро Доминго.

Алғаш рет әйгілі Гранд-опера сахнасында өткен конкурстыӊ негізі 1993 жылы Парижде қаланғанын еске сала кетейік. Содан бері "Опералия" жыл сайын түрлі елдіӊ еӊ әйгілі алаӊдарында өткізіліп келеді. Олардыӊ қатарында - аӊызға айналған миландық Ла Скала, Лондондағы "Ковент-Гарден", Корольдік театр (Мадрид, Испания), Филармонико театры (Верона қаласы, Италия) және т.б. Өткен жылдары "Опералияда" жеӊіске жетіп, асқақ өнерге жолдама алған әлемдік опера сахнасыныӊ бүгінгі жұлдыздары - Джойс Ди Донато, Роландо Виллазон, Эрвин Шротт, Соня Йончева, Нина Штемме, Хосе Кура, Джозеф Каллея, Инва Мула және басқалары.

Пласидо Домингоныӊ бүкіләлемдік опера әншілеріне арналған "Опералия" байқауын "Rolex" компаниясы ұсынады.

Байқаудыӊ талабымен және жаӊалығымен Опералия сайтында (http://www.operaliacompetition.org/) танысуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны