14.09.2007, 16:14 3818

Опера театрының маңындағы бірыңғай архитектуралық ансамбль құратын үйлерді бұзу жоспарлануда - апталық газет

Опера театрының маңындағы бірыңғай архитектуралық ансамбль құратын үйлерді бұзу жоспарлануда.

АЛМАТЫ. 14-қыркүйек. "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" - Опера театрының маңындағы бірыңғай архитектуралық ансамбль құратын үйлерді бұзу жоспарлануда, деп жазады жұмада апталық газет.

"Бұзулардың толқыны опера және балет театрмен қатар орналасқан ғимараттар кешеніне де жеткендігі белгілі болды. Алматылықтар мен оңтүстік астаналықтар бұл үйлердің "Неделька" субұрқақтары каскадымен және театрмен бірге бірыңғай әрі бірегей архитектуралық ансамбль құратынын біледі",- деп жазады апталық.

Мақаланың авторы оқырмандарға "бүгінгі күнге дейін ешкімге беймәлім болып келген құрылыс фирмасы қаланың көптеген алматылықтар үшін қымбат бөлігіне көз тіккендігі" туралы хабардар етеді. "Алматыжердің" өкілі жуырда таң-тамаша болған тұрғындарды меншіктерін "мемлекеттік қажеттілік үшін" тәркілеу туралы Алматы қаласының әкімі Тасмағамбетовтың қаулысымен таныстырды.

Автордың айтуынша, бұзылатын үйлердің тұрғындары "мемлекет" мүддесі үшін олардың үйлерін бұзбақ болып отырған құрылыс фирмасының соңғы уақыттарда дайын киім сатумен айналысқандығын өздерінің жеке тексерулерінің нәтижесінде анықтады. Сонымен қатар, фирмада тіптен құрылыс жобасы да жоқ екендігі белгілі болды".

"Бұл коммерциялық құрылыс болмақ,- деп газет бастамашы топтың өкілі Надежда Погорелованың айтқананынан сөздәйек келтіреді. - Белгілі болғандай, біздің алты үйіміздің орнына 155 пәтерлі жер асты паркингі бар сегіз қабатты тұрғын үй кешенін салмақ (бұл қазіргі алты үйдегі пәтерден де аз). Яғни сөз өте байларға арналған элиталық тұрғын үй туралы болып отыр".

Сонымен қатар, тұрғындар "үйді бұзу мен жаңасын салуды қосқандағы жобаны жүзеге асыру үшін қандай да бір қомақты қаржы ресурсы компанияда жоқ екендігін білген. Пәтерлерді сатып алу банктен қарызға алған қаржы есебінен жүргізілмек".

Мақала авторына белгілі болғандай, Алмалы ауданының прокуратурасы бұл кварталды бұзуға қатысты материалдары тексеріп, Алматы қаласының прокуратурасына әкімшілік шешімен наразалық таныту туралы ұсыныс енгізген. "Бірақ қалалық прокуратура бұл жағдайға араласпай отыр. Сөйтсе де аудан тұрғындары өз баспаналарын күрессіз бермейтін ниетте", деп жазады газет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны