02.04.2020, 12:59 4209

Қорғаныс Министрлігі әскери медицина мамандарын азаматтық медициналық мекемелерге көмекке жібереді

Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштердің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысуы мәселелері бойынша аппараттық кеңес өтті.

Алматы.2 сәуір. Kazakhstan Today - Қорғаныс Министрлігі әскери медицина мамандарын азаматтық медициналық мекемелерге көмекке жібереді.

Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштердің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысуы мәселелері бойынша аппараттық кеңес өтті.

Аталмыш кеңес селекторлық режимде өтті, күн тәртібіне бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі, әскери қызметшілердің денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коронавирусқа қарсы күресте азаматтық медициналық мекемелерге көмек көрсетуге әскери медицина қызметкерлерін тарту мәселелері айтылды.

Қазіргі таңда әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы тұрақты бақылауда, әскери бөлімшелерді эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін медициналық жеке қорғану құралдарымен, дезинфекциялық ерітінділермен уақытында қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Бұл ретте жеке құрам коронавирус белгілерін, сондай-ақ науқас анықталған жағдайдағы іс-қимылдарды нақты білуі тиіс. Ол үшін барлық әскери қызметшілерге нұсқаулықтар таратылды, кезекші ауысым жеке құрамының іс-қимыл алгоритмі және хабарлау тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Кеңес барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың әскерлердің жауынгерлік әзірлігінің қажетті деңгейін ұстап тұруға, төтенше жағдай режимі шеңберінде кенеттен туындаған міндеттерді орындауға әскери қызметшілердің ұдайы әзірлігіне ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығына нұқсан келтірместен жұқтыру қаупін азайту үшін тұрақты жауынгерлік дайындық әскери бөлімдерінде жабық режимде қызмет атқару мәселесі шешілуде. Әскери нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймаларын күзетуді күшейту тапсырылды.

Азаматтық медициналық мекемелерге көмекке әскери медицина қызметкерлерін тартуға қатысты Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының өтініші бойынша Қарағанды қаласының әскери лазаретінің 17 медициналық маманын бөлу шешілді. Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің сұрауы бойынша Үшарал қаласының әскери лазаретін аудандық денсаулық сақтау басқармасына көмекке беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қысқа мерзімді кезеңде жалпы т?жірибедегі жұқпалы ауру мен реаниматолог дәрігерлеріне қайта даярлау жүзеге асырылатын болады.

Бүгінгі таңда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға белсенді қатысады. Олар нысандарды дезинфекциялауға, блок-бекеттерді күшейтуге және патрульдеуге жұмылдырылған. Осыған байланысты жақын арада Қорғаныс министрлігі осы мақсаттар үшін Алматыда қосымша 1000-ға жуық әскери қызметші бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны