20.10.2020, 21:09 6403

Қорғаныс министрлігіне Германиядан гуманитарлық жүк келді

Гуманитарлық көмекті жіберуші - Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту "СК-Фармация" ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігіне Германиядан гуманитарлық жүк келді.

Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның Қарулы Күштері үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық көмек ретінде жүк келді.

Гуманитарлық көмекті жіберуші - Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту "СК-Фармация" ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.

Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар COVID-19-бен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік бет перделер эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімдерге берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны