29.06.2020, 21:51 9019

Қорғаныс министрлігінің ҚР ҚК ӘПОББ күрделі құрылыс басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу фактісі бойынша ресми хабарламасы

Қорғаныс министрлігінің ҚР ҚК ӘПОББ күрделі құрылыс басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу фактісі бойынша ресми хабарламасы

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ақпараттық хабарлама айтылды. Ол ақпаратта Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚК ӘПОББ күрделі құрылыс басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқандығы сөз болған.

ҚР ҚК Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы 2015-2016 жылдары мердігерлік ұйыммен әскери бөлімдердің бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасасты. Құрылыс-монтаж жұмыстары уақытында аяқталып, нысан шартта белгіленген мерзімде тапсырылды. Пайдалануға қабылдау туралы актіге 2016 жылдың 26 қыркүйегінде қол қойылды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытқа дейін ғимараттардың бір бөлігі режимдік үй-жайлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу себебінен пайдаланылмайды. Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығы әскери нысандар құрылысының сапасы, өткен жылдардағы шарттарды адал орындамау фактілері, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалардың осы мәселелерде сыбайластыққа жол бермеу туралы мәселесін бірнеше рет көтерді. Атап айтқанда, бұл мәселені Қорғаныс министрі ағымдағы жылғы 15 маусымдағы аппараттық кеңесте жария етіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау жөнінде нұсқау берілді.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СДТБТ-да мердігер ұйымның шарттық міндеттемелерін адал орындамау фактісі бойынша № 203500131000094 материал тіркелді.

Лауазымды адамдардың кінәлілігі мен жауапкершілік шарасы осы факті бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау нәтижелері бойынша белгіленетін болады.БҚО бойынша ҚАЖД РУ - 170/3 мекемесі қызметкерлерінің қырағы және тиімді жұмысының арқасында түрме ауласына лақтырылған үлкен көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді.

- Қарауыл бекетінің сақшысынан сыртқы тыйым салынған аймақ тұсынан белгісіз біреу "белгісіз зат" лактырғаны туралы дабыл белгісі келіп түскен. Дабыл белгісі бойынша жеткен қарауыл және кезекші ауысым қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағынан белгісіз полимерлі қаптаманы тауып тәркіледі. Белгісіз қаптама ішіне 17 ұялы телефон, 19 дана қуаттандырғыш құрылғы, 55 дана сим карта мен 1 дана жад картасы жасырылған. Қазіргі таңда ұялы телефондар тиісті органдарға беріліп, тиісті қызметтік тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады БҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны