30.05.2008, 17:58 2856

Оралда 10 млн теңгеден аса қаржыны иемденген Ақжайық ауданының құрылыс бөлімі бастығының ісі сотта қарала бастады

Оралда 10 млн теңгеден аса қаржыны иемденген Ақжайық ауданының құрылыс бөлімі бастығының ісі сотта қарала бастады

Орал. 30 мамыр."Қазақстан Бүгін" - Оралда 10 млн теңгеден аса қаржыны иемденген Ақжайық ауданының құрылыс бөлімі бастығының ісі сотта қарала бастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Ақылым Бүркітбаева хабарлады.

"Ақжайық ауданының "Құрылыс, тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің бастығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 314 бабының 2 тармағы, 307 баптың 2 тармағы бойынша ( құзырын асыра пайдалану), 176 баптың 3 тармағының "б","г" ( сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу) тармақшалары бойынша айып тағылды", - деп хабарлады А. Бүркітбаева.

А. Бүркітбаеваның сөздері бойынша 2005 жылдың шілде айында Ақжайық ауданының құрылыс бөлімі Жанама кентінде су құбырын тарту жөніндегі мемлекеттік сатып алу конкурсын ашық түрде өткізіп, Ақтөбе қаласының "Құрылыс Орталығы" ЖШС оның жеңімпазы болып атанды. Екі жақ арасында 47 922000 теңге мөлшеріне су құбырын тарту қызметін көрсету және мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім шарт жасалды".

Бұл нысанның техникалық құрылыс жұмыстарына бақылау жасау және оны қабылдау міндеті Ақжайық ауданының құрылыс бөлімінің бастығына тапсырылды. Ол 2005 жылдың қыркүйек- желтоқсан айлары арасында құрылыс жұмыстарының қабылдау актілеріне жасалмаған жұмыстар көлемі туралы теріс деректерді кіргізіп отырған. Осы құжаттар негізінде "Құрылыс Орталығы " ЖШС есеп шотына 47 92200 теңге аударылды.

"Ақжайық құрылыс бөлімінің бастығы жауапты тұлға ретінде өзінің құзырын асырып, нысандарда пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасы төмен екендігін және жасалған жұмыстар көлемінің жобалық сметалық құжаттарға сәйкес емес екендігін біле отырып 2005 жылдың желтоқсан айында қабылдау актісіне қол қойып, мердігердің жұмысын қабылдады. Ол Жанама кенті тұрғындарының құқықтарын таптап, мемлекетке 10866 042 теңгеге шығын келтірді ", - деп хабарлады А. Бүркітбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны