28.04.2014, 20:37 27759

Оралда 1 мамыр қарсаңында мемлекеттік этносаясат бойынша семинар өтуде

Орал қаласында "Мемлекеттік этносаясат: "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар" тақырыбындағы семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. Орал қаласында "Мемлекеттік этносаясат: "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар" тақырыбындағы семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық топтары мен ЖОО, БАҚ өкілдері, мәслихат депутаттары, этномәдени, діни және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысуда, деп мемлекеттік басқару академиясында хабарлады.

Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауы аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны